Әйелінің рұқсатынсыз екінші рет үйленген ер адам түрмеге қамалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелінің рұқсатынсыз екінші рет үйленген ер адам түрмеге қамалды

Әйелінің рұқсатынсыз екінші рет үйленген ер адам түрмеге қамалды

Пәкістанда әйелінің рұқсатынсыз екінші рет үйленген ер адам жарты жылға түрмеге қамалды, деп жазады news.am сайты.

  • 2 Қараша 2017
  • 222
Фото - Caravan.kz

Пәкістан тұрғыны Айша Биби күйеуі Шахзад Сакибтің  өзінің рұқсатынсыз екінші рет үйленгендігін айтып, сотқа шағым түсірген.

Пәкістан соты әйелдің шағымын қарай отырып, екінші рет үйленген ер адамға жарты жыл түрмеге отыру және $2000 көлемінде айыппұл төлеу жазасын кескен.

Сот Шахзад Сакибтың шариғат талаптарына сәйкес төрт әйел алуға болады деген аргументін қараудан бас тартқан.


Айта кетейік, бұл Пәкістандағы Отбасылық кодекске сәйкес шығарылған алғашқы шешім. 

 

Соңғы жаңалықтар