Әйгерім Қалаубаева аяғым ауыр деп кімді алдап жүр? (видео)
![]() |
Танымал әнші Әйгерім Қалаубаеваның жүкті екенін айтып, әріптесі Жазира Байырбековадан сүйінші сұраған видеосы пайда болды. Онда өнер иесі ішін үріп алып, Байырбековоға пранк жасаған. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Жазира Әйгерімнің жүктілігіне сеніп қалған.
Әйгерім Қалаубаеваның әріптесіне пранк жасаған видеосы ғаламторда пайда болды. Онда әнші ішін үлкейтіп, Жазира Байырбековға көрсетеді. Жәзира бұған сеніп қалып, қуаныштан көзіне жас алғанын да жасырмайды. Бірақ соңында ол құрбысының алдап соққанын біледі.
Әйгерімді құшақтап, қандай керемет деп көзіме жас алып жатыр едім, бір кезде Әйгерім ішін жоқ қылып жіберді. Сөйтсем, ішін үріп алған екен ғой. Биші болған соң бәрін істей алады, — дейді Жазира Байырбекова видеода.
Видеоның толық нұсқасын осы сілтеме арқылы көре аласыздар!
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін