Әйгілі актер Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметін құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйгілі актер Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметін құттықтады

Әйгілі актер Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметін құттықтады

«Оскар» сыйлығының иегері Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметін ақбөкендер санын көбейтудегі және сақтаудағы жетістігімен құттықтады.

  • 25 Желтоқсан 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды. 

Америкалық актердің айтуынша, Қазақстандағы күш-жігердің арқасында киіктердің бұл түрі Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл тізімінде «аса сирек кездесетін», «жоғалу қаупі төніп тұрған» санаттан «жойылу қаупі бар» санатқа ауыстырылды.

«Кең ауқымды қалпына келтіру жұмыстары Қазақстандағы ақбөкен популяциясының керемет сақталып қалғанын көрсетеді. 2005 жылдары небәрі 48 000 басты құраған киік түрінің қазір табиғаттағы саны 1,9 миллионнан асыпты. Браконьерлікке қарсы бастамалары, құқық қорғау органдарын жұмылдырғаны және жаңа қорғалатын табиғи аумақтарды құруға қомақты қаржы бөлгені үшін Қазақстан үкіметін құттықтаймыз. Үкіметтің табиғатты қорғау ұйымдарымен, университеттермен және ғалымдармен ынтымақтастығы – табиғатты қорғау саласындағы бірлескен күш-жігер арқылы қол жеткізілген шынайы табыстың жарқын мысалы», — деп жазды Ди Каприо желідегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар