Әйгілі «Нұрикамал» әнінің авторы қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйгілі  «Нұрикамал» әнінің авторы қайтыс болды

Әйгілі «Нұрикамал» әнінің авторы қайтыс болды

Белглі сазгер, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Тұрдықылыш Ізтаев 71 жасқа қараған шағында өмірден озды. 

  • 17 Ақпан 2020
  • 471
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Түркістан облыстық мәдениет басқармасы facebook парақшасында хабарланды, деп жазды Caravan.kz медиа-порталы.

«Бүгін қазақ өнері тағы бір саңлағынан айырылды. Елімізге танымал сазгер, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Тұрдықылыш Ізтаев 71 жасқа қараған шағында бақиға аттанды. Осыған орай марқұмның туған-туыстары мен ұл-қыздарына қайғырып көңіл айтамыз. Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын!
Тұрдықылыш Ізтаев 1949 жылы 30 маусым күні Түркіменстан Республикасының Тахтабазар ауданында дүниеге келген. 1968 жылы Шымкент музыка училищесін, 1973 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияны, 1993 жылы Ленинградтағы Н.К. Крупская атындағы мәдениет институтының аспиратурасын бітірген.
Еңбек жолын 1973 Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтында бастап, осы ұжымда 1994 жылға дейін табанды қызмет етті. Халық аспаптар кафедрасының доценті. Ш.Қалдаяқов атындағы облысы филармонияның көркемдік жетекшісі, халық аспаптары оркестрінің дирижері. Ол 20-дан астам ғылыми және оқу әдістемелік жұмыстардың авторы. Әндері жеке альбом болып «Махаббат – өмір» деген атпен жарық көрді. Қазақ еліне етене танымал «Нурикамал» әнінің авторы. Облыстық мәслихаттың грамотасымен марапатталған, облыс әкімі белгілеген «2000 жылдың ең үздік композиторы» атанған.
Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен Түркістан облыстық мәдениет және халық шығаршалық орталығының ұжымы",- делінген жазбада.

 

Соңғы жаңалықтар