Жарияланды: 2400

Айгүл Иманбаева әріптестерін шетелде өтетін тойына шақырды

Айгүл Иманбаева әріптестерін шетелде өтетін тойына шақырды

Айгүл Иманбаева биылдан қалмай тұрмысқа шығатынын бұған дейін де меңзеп айтқан еді. Актрисаның бұл мәлімдемесінен кейін Баян Алагөзова да елді қызықтырып, жақын арада Айгүлге қонақ болып баратынын атап өтті.

Бұған қарап көпшілік Иманбаева берген сөзінде тұрып, тұрмысқа шыққалы жатыр деп болжады. Актрисаның өзі аталған ақпаратты растамады, алайда жоққа да шығарған жоқ.

Өткен сенбіде Иманбаева 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сұхбат беріп, құпияның шетін ашты. Актриса алда қуанышты күн күтіп тұрғанын жоққа шығармады. Иманбаева бақытты күнін Қазақстаннан тыс аймақта тойлайтынын айтты.

“Паспортыңды дайындасаң болды, қалған әңгімені кейін айтамын. Қуанышты жаңалық сол”, – деп журналист Анна Данченконы тойына шақырды Иманбаева.

Ал Мәдина Сәдуақасова әріптесінің бұл жаңалығынан хабарсыз екенін жеткізді.

“Мені шақырған жоқ әлі. Білмеймін, маған тосынсый жасағысы келіп тұрған шығар. Жаңа ары-бері өткенде көзін қысып кеткен”, – деп ағынан жарылды Мәдина.

Еске сала кетейік, бұған дейін Иманбаева өз бойындағы ерекшелік жайлыалғаш рет айтқан еді. Актриса өзінің “айкезбе” екенін мойындаған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть