Айгүл Иманбаева: Өмірде әр адамның теңі бар - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айгүл Иманбаева: Өмірде әр адамның теңі бар

Айгүл Иманбаева: Өмірде әр адамның теңі бар

Таяуда “Сеньорита” әніне бейнебаян түсіріп, көптің сынына қалған еді. Талғамға тала жоқ, бәрін бірдей ұнау мүмкін емес деген өнер иесі жазғы демалыстан соң шығармашылығына мықтап кіріскен.

  • 20 Тамыз 2018
  • 156
Фото - Caravan.kz

Айгүл Иманбаева өнер адамдары жан-жақты болуы керек деген пікірде. Кино мен әншілікті, ұстаздықты қатар алып жүрген Айгүл ханым бастысы өзіңе деген сенімділік керектігін айтады.

“Өнердің қай саласында жүрмесек те, бастысы нәтиже шығару керек. Мен соған қызмет етіп жүрген адаммын. Бірақ биылғы жылы, қазіргі уақытта үлкен жобаларда жүрмін деп айта алмаймын.

Әнші алдағы уақытта үлкен жобаны қолға алып, халыққа ұсынамын деп бекініп отыр.

«Қандай жоба болса да, біз шығармашылық адамы болғаннан кейін, шығармашылықтың ішінде қайнап жатамыз ғой. Бізден заңгер, кеңсе қызметкері, жүргізуші шықпайды. Біз сол өнер саласында қызмет жасап, осы салада өзімізді тұлға қылып қалыптастырсақ, біз үшін үлкен бақыт.

Ал жобалар, үлкен жоспарлар 2019 жылға жоспарланып отыр», – дейді Иманбаева.

Қыздарға біраз ақыл-кеңесін айтқан Айгүл Иманбаева әр адам өзін еш себепсіз жақсы көруі тиіс екенін айтуда.


«Адам баласы өз-өзін жақы көруі керек. Жай, себепсіз. Сонда ол адамды да бәрі жақсы көретін болады. Өзіңді бағала және жайлы өмір сүрсең, ішкі мәдениеті өзіңе келетін, жаныңды, жүрегіңді түсінетін адам міндетті түрде кезедеседі. Өмірде әр адамның теңі бар. Ал болмашы бір адамдарға жүйкесін құртып, уақытын, қуатын құртып, шашын жұлып, жылап жататын қыздарды мен өз басым түсінбеймін. Адам баласы, әсіресе, қыздар өзін бағалауы керек, өзінің құнын, орнын білуі керек», – дейді әнші.

Жазғы демалыстан соң Айгүл Иманбаева жаңа туындысын түсіруге ниетті.