Жарияланды: 8000

Айгүл Орынбек: Біздің 70% ер азаматтарымыз, әйелдердің әуретімен арпалысып жүргенде, өзге ұлттар жерімізді игеріп байып жатыр

Айгүл Орынбек: Біздің 70% ер азаматтарымыз, әйелдердің әуретімен арпалысып жүргенде, өзге ұлттар жерімізді игеріп байып жатыр

Мемлекеттің 100% ер азаматтары еңбек етсе, дүнген болсын, басқа ұлт босын бұлай басынбайтын еді

Қоғам белсендісі, "Ұлттық кеңес" мүшесі Айгүл Орынбек кезекті жазбасын жариялап, ер азаматтарды ашуландырып қойды.

"Тақтан түсетін уақыт келді": Айгүл Орынбек кімді меңзеді?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Айгүл Орынбектің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Біздің 70% ер азаматтарымыз, әйелдердің әуретімен арпалысып жүргенде, өзге ұлттар жерімізді игеріп байып жатыр!

Мемлекеттің 100% ер азаматтары еңбек етсе, дүнген болсын, басқа ұлт босын бұлай басынбайтын еді. Кінәні бірінші өзімізден іздейік!
Жатып алып тоқал алу керек, қазақтың санын көбейту керек деп бөсесіңдер. Алып жатқан тоқалдарың, көбейіп жатқан ұрпақтарың жоқ! Жақтарыңмен, тілдеріңе сүйеніп тек қана қатындарыңды екі қабат қылып тудырып, көшеге шығарып “билік беру керек шешеңді с... н “-деп жатқаннан басқа қолдарыңнан боқта келмейді!
Жер алып егін ек десең құл емеспін, мал бақ десең малдың артынан мал болып жүрейін сол деп тағы керілесіңдер. Базардың бәрі толған қатын қалаш! Сол жан жақтағы өзге ұлттарға көз қырларыңды бір салыңдаршы! Ешқайсы пәтерде жүрмейді! Тырмаланып, жер алып, жыртып , егіп, сатып жәмән москвич мініп жүріп зәулім үй тұрғызып, балаларын оқытып, тастамай еңбекқор қылып өсіріп жатыр. “Жер біздікі”- деп ұрандайсыңдар, құдайдың берген қара жерін игере алмай жатсыңдар! Бәрін үкімет келіп істеп беру керек! Сендер солай үкіметтен сұрап, үкіметті кінәлап жүргенде өзге ұлттың байығаны байыған! Себебі оларға үкімет мүмкіншілік берді, арқарай жемісін өздері қолдан жасайды!
Е қазақтың санын өсіріп қатырып жатқан жоқсыңдар, әр қатынды зар илетіп тудырып тастап кетіп!
Е мал бағып қарық қылмадыңдар!
Е егін егіп жарытпадыңдар!
Сонда сендер тек қазақтың әйелдерінің әуретімен алысуға дүниеге келдіңдер ме!?
Мүмкін жетер осы жатқандарың!
Біз бір мал экспорттау арқылы экономикамызды көтеріп алуға болады!
Әттең еңбек ететін еркектен, уағыз айтып қатынша салғыласатые еркектер көбейіп кетті.
Ойбай ондай емес деп ақталудың қажеті жоқ! Еркектер мықты болып, асырап жатса, қатындар көшеге шықпас еді!

Бүгін жеріңді алып, көшеден жүргізбей қойды деп жылап отсыңдар ма, ертең қойындарыңдағы қатындарыңды алады!
Себебі өз ұрпағын асырай алмайтын жалқау, жағымен тіліне сүйенген , жауапсыз еркек кімге керек?

Ел үшін қызмет жасап жатқан 30% ер азаматтардан кешірім сұраймын", - деп жазды Айгүл Орынбек.

Естеріңізге сала кетейік, Айгүл Орынбек Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі ретінде көпшілікке беймәлім. Қоғам белсендісі Facebook желісіндегі парақшасында түрлі тақырыптағы жазбалар жазып, көптеген мәселелерді шешіп жүрген заңгер арқылы көпшілік қауымға белгілі.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін