Айгүл Орынбек: "Ұлттық арнаның мәртебесі биіктей ме десем, жүн беттерге толып, кері кете бастапты" - kaz.caravan.kz
  • $ 484.11
  • 528.79
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айгүл Орынбек: "Ұлттық арнаның мәртебесі биіктей ме десем, жүн беттерге толып, кері кете бастапты"

Айгүл Орынбек: "Ұлттық арнаның мәртебесі биіктей ме десем, жүн беттерге толып, кері кете бастапты"

Белгілі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Мұхаммеджан Тазабектовтың "Qazaqstan" Ұлттық арнасында тәлім тәрбиеге байланысты бағдарлама жүргізуіне қарсы шықты.

  • 9 Қазан 2020
  • 5878
Фото - Caravan.kz

Айгүл Орынбектің айтуынша, үлкендер тұрғандар жастардың ондай бағдарлама жүргізуіне жол жоқ.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"“Асыл арна” арқылы үйрете алмаған тәлім тәрбиені Ұлттық арнадан үйретейін деді ме?

Ұлттың арнасы діни фанаттардың арнасы ма?

Қарттарды ұрып теуіп, приказ орындауға үйрете ме енді?

Ұлтқа тәлім тәрбиені беретін батыр атамыздың келіні Зейнеп Ахметова апамыз тұрғанда, Мұхамеджан Тазабекке жол қайда? Тазабектің де ұяты жоқ екен. «Зейнеп апамыз тұрғанда, алдына шығып тәлім тәрбие бергенім жарамас! “Мен де кеше ғана сақалым тіземе тиіп адасып, қарттарды ұруға шақырып жүрген адам едім”, — деп бас тартуға болар еді! Жоқ, кесетін жерімді кесіп ал деп, беті быттыйып Ұлттық арнадан бір-ақ шығыпты!

Жастарға ақылды қарт кісілер айтатын еді, бізде тепсе темір үзетін жастар айтатын болғаны қашан?!


Ұлттық арнаның мәртебесі биіктей ме десем, жүн беттерге толып, кері кете бастапты!

Бұл енді Ұлттың арнасы емес, жүн беттердің арнасы", — деп жазды Айгүл Орынбек.