Айлығыма қосылған ақшаны тасқыннан зардап шеккендерге беремін - Бекболат Тілеухан - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айлығыма қосылған ақшаны тасқыннан зардап шеккендерге беремін - Бекболат Тілеухан

Айлығыма қосылған ақшаны тасқыннан зардап шеккендерге беремін - Бекболат Тілеухан

Депутаттардың жалақысына әжептеуір ақша қосылғанын естіген жұрт "енді олар еліміздің бірнеше аймақтарындағы тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсете ме екен?" деп сынай қараған болатын. Осындай сөздер құлағына жетті ме, бүгін мәжілісмендер қиналған елге жәрдем жасайтындарын жарыса айтты.

  • 19 Сәуiр 2017
  • 7244
Фото - Caravan.kz

Informburo.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, коммунистер фракциясы су басқан елді мекендердің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруге деп миллион теңге жіберген. Ал депутат Бекболат Тілеухан соңғы өскен жалақысының қосылған бөлігін апат аймағына аударамын деп отыр.

"Соңғы кездері депутаттардың жалақысы өскені туралы мәселе қоғамда қатты қозғалып жатыр. Соның (өскен жалақының — ред.) айырмасын тасқыннан зардап шеккендерге көмек ретінде аударсам деп отырмын. Бірақ бұл туралы айтсаң, тағы дарақы болып көрінуің мүмкін. Десе де, өз басым солай шештім" дейді Б.Тілеухан.

"Ақ жол" фракциясы да апат аймағына ақша аударып қойыпты. Ал мәжіліс депутаттары бір күндік еңбекақысын аталған мақсатқа бере ме деген мәселе басы ашық күйінде қалды. Өйткені оны халық қалаулылары әлі қарастырмапты. Бірақ егер қарастыра қалса, бір күндік еңбекақыны аударуға келісетіндерін айтты.


Айта кетейік, жақында ғана депутаттар айлығының 50 пайыздай өскені туралы ақпарат тарады. Қазір олардың жалақысы еңбек өтіліне қарай 900 мың теңге шамасында болып тұр.  

Соңғы жаңалықтар