Жарияланды: 460

Аймақтық сайлау комиссиялары "Қазақстанның демократиялық таңдауы" бірлестігінен аты ұсынылған 446 кандидаттың 315-ін тіркеді - демократиялық оппозицияның үйлестіру кеңесі

Аймақтық сайлау комиссиялары "Қазақстанның демократиялық таңдауы" бірлестігінен аты ұсынылған 446 кандидаттың 315-ін тіркеді. Бұл туралы бүгін, 6-тамызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында демократиялық оппозициялық күштердің республикалық штабы үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары Асылбек Қожахметов хабарлады. Бірлестіктен аты ұсынылған 131 кандидатты тіркеуден бас тартылған.

Сондай-ақ, А.Қожахметовтың хабарлауынша, ҚР әділет министрлігі "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қоғамдық бірлестігін тіркеуден тағы да бас тартқан. Ол қоғамдық бірлестікті тіркеуден барлығы 37 мәрте, соның ішінде 11 мәрте сот шешімімен бас тартылғанын жеткізді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін