Айқын Төлепберген тоқалын тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айқын Төлепберген тоқалын тапты

Айқын Төлепберген тоқалын тапты

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидың ата-ана атанғаны туралы жаңалық жұртты дүр сілкіндірді. 

  • 11 Қыркүйек 2017
  • 9205
Фото - Caravan.kz

Желідегі оқырмандардың бір тобы отбасылы азаматқа ұл тауып берген Жұлдызды сынап жатса, екіншілері бұл ақпарат жалған деп журналистерді қаралап жатыр, деп жазады Stan.kz.

Алайда Айқын мен Жұлдыздың ата-ана атанғаны шындық. Бұл ақпаратты әншінің әріптестері де растап отыр. Мәселен, аузын ашса жүрегі көрінетін Нұрлан Еспанов 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында Айқынның ұлды болғанын растап, әріптесін қуанышымен құттықтады.

“Айқын досымды бүгін құттықтаймын. Айқын өзім жақсы көретін інілерімнің бірі. Нұреке деп хабарласып тұрады, мен жалпы оның адамгершілігін өзім қатты құрметтеймін. Ондай жігіттің ұлы болашақта танымал азамат болады деген сенімдемін. Бүгін құттықтаймын, Құдай қаласа. Айқын, кішкентайың құтты болсын, бауы берік болсын, үлкен азамат болсын”, – дейді Нұрлан Еспанов.


Еске сала кетейік, бұған дейін Айқын мен Жұлдыз Өмірғалидің ұлды болғанын хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар