Айсәуле Бақытбек Американы мақтағаны үшін сын астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айсәуле Бақытбек Американы мақтағаны үшін сын астында қалды

Айсәуле Бақытбек Американы мақтағаны үшін сын астында қалды

АҚШ-та білім алатын Баян Есентаеваның үлкен қызы АҚШ пен Қазақстан арасындағы айырмашылықтарды тізбелеп берді.

  • 2 Қазан 2017
  • 927
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазады.

Оны америкалықтардың мақтау сөзге есірмейтіні, әркез көмекке дайын тұратыны таңғалдырған.

“Америкаға әр келген сайын алғаш рет келгендей боламын. Фото Venice Beach-те түсірілген. Мұнда да марихуананы медициналық мақсатта қолдануға рұқсат беретін “жасыл дәрігерлер” жүреді. Егер бізде де осылай болса көптеген жастар түрмеге отырмаушы еді. Сондай-ақ, жағалауда шығармашылықпен айналысатын қаңғыбастар көп. Бірі сурет салады, бірі музыкалық аспапта ойнайды, енді бірі кәдесый сатады. Оларға күн сайын өмір сүру үшін ақша беріледі екен”, – деп жазады Айсәуле.

Оқырмандар бірден жұлдызды продюсердің қызын сынға алды.

"Анаң екеуіне көшу керек сияқты", “Онда сол жақта қал. Қандай болмасын Отан — ол Отан. Әр елдің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады”, — дейді біреулер.

 

 "Түрмеде отырған әкең туралы неге жиі жазасың? Онымен бәрі түсінікті еді, енді еліңді салыстырып, ақыры тегіңді ,есіміңді ауыстырсайшы, не болды?", — деп айтылған ойға қарсы жауап тауып, Айсәуле қыздың ойын қолдаған оқырмандар да табылды. 


"Бұл қыз ештеңені салыстырып жатқан жоқ. Жай ғана Америкадағы өмірдің жақсы жақтарын айтып отыр. Не болды бәріңе? Үйде отырып, өздерінше әрқайсысы эксперт", — деп тамсанады "қорғаушылардың" бірі.

Дегенмен продюсердің қызы сынға да жауап тапқан.

“Мен адамдардың сынағандарына етім үйреніп кетті. Америка туралы жазсам, ол Отанымды сүймеймін деген сөз емес қой. Міне біздің балкон. Онда біздің туымыз ілініп тұр. Мұнда кім тұратынын бәрі білсін. Айтпақшы, біз бүгін Қазақстанды Боратпен салыстыру азая бастағаны туралы айттық. Бізден “Тriple G?” деп сұрағанда ерекше мақтанышпен “Иә!” деп жауап береміз. Рахмет, Гена! Сау бол, Борат!”, – деп ойын түйіндейді Айсәуле Бақытбек.

Соңғы жаңалықтар