Бас-аяғы төрт жарым минуттық аудиожазбада бейәдеп сөз өте көп. Аудиожазбадағы сөздерді айтқан Кентау қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары екені анықталды. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Еуразия бірінші арнасы-на сілтеме жасап хабарлады.
Лауазымы жоғары полицей қоластындағы қызметкерлерден ақша талап етіп, көнбегенін «жұмыстан шығарамын» деп қорқытқан. Бір анығы, ол бұған дейін де осындай әрекеті үшін жұмыстан кеткен екен.
Аудиожазбада «1 ақпаннан бастап барлығың маған 10 мың теңгеден өткізесіңдер. Жалпы 45 мың теңге болуы тиіс. Жетім емессіңдер… Жол-патрульдік қызметі элита болуы керек. Ақша жинап, қымбат коньяк пен азық-түлік салынған корзинаны әдемілеп орау қажет» делінген.
Ол бұған дейін былтыр да дәл осындай жайтқа қатысты қызметінен кетіп, қайтып келген екен.
Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 2020 жылдың 22 мамырында Кентау аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары қызметінен босатылған. Алайда ол өткен жылдың қазанында сотқа жүгініп, облыстық соттың шешімімен қызметіне қайта оралған.
Полицей бұрынғы жұмысында істеп жүр. Енді ақша жинау дерегі бойынша қайта тергеу басталды.
Соңғы жаңалықтар
2030 жылға қарай денсаулық сақтау мамандарына тапшылық артады
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Алматыда автобус жүргізушісін ұрған тұрғынға қатысты үкім шықты
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Қазақстан Ауғанстанға отандық автокөліктерді экспорттауға мүдделі
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Мектеп түлектеріне «Алтын белгі» қай уақытта табысталады
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Су тасқыны салдарынан Барбастау-Ақжайық-Индер тас жолы жабылды
Жаңалықтар
26 Сәуiр
"Семей орманы" резеватының адам аяғы жету қиын жерлері өртенді
Жаңалықтар
26 Сәуiр
"Өзіңіз ғана шешім шығармай, халықтың пікірімен санасыңыз": Дәулет Мұқаев оқу-ағарту министріне қарсы шықты
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Астанада ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері ағаш отырғызды
Жаңалықтар
26 Сәуiр
"Су тасқыны": 12 мың отбасы мемлекеттік қолдауға ие болған
Жаңалықтар
26 Сәуiр
"Мәхірді қою керек, тауық ми қыздар аспандағы айды сұрайды": Танымал журналист мәхірге қарсы шықты
Жаңалықтар
26 Сәуiр