Айжан Байзақова анасына пәтер мен көлік сатып алып бергенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айжан Байзақова анасына пәтер мен көлік сатып алып бергенін айтты

Айжан Байзақова анасына пәтер мен көлік сатып алып бергенін айтты

Айжан Байзақова анасына пәтер мен көлік сатып алып бергенін айтты.

  • 19 Маусым 2019
  • 195
Фото - Caravan.kz

Атышулы Айжан Байзақова белгілі журналист Қымбат Әбілдинаны жылатып тастады. Арудың жалаңаш суреттерін көрген Қымбат ханымның Байзақованың ата-анасына жаны ашып, көзіне жас алған. Ішінде жақсылық бар қыздың бұндай қадамға баруы мүмкін емес дейді ол. Журналист Айжан Байзақоваға бұл істі тоқтата алатынын айтып, мойындатқан.

"Айжан сенің ата-анаң бар ма? Анаңмен сырласасың ба? Әкең тірі ғой қазір? Масқара, тіпті масқара. Әке деген қалай басын көтеріп жүреді? Оның орынын, басын сыйламасақ не болмақ. Сені түсінемін, сен әлі жассың, көшеде де елдер жүр ғой деп айтып жатырсың. Рас жүр. Құрсыншы жүре берсін. Сонда біреу жүр екен деп, Айжан жүру керек па? Сені бір көргеннен бұндай әрекетке көңілім қимайды. Ал сенің әкең қалай жүр? Қалай жерді басып жүр деп ойлайсың? Сен мынаны қоя аласың иә?", — дейді Қымбат Әбілдина.

Айжан Байзақова журналистің сөзімен келісіп, бұлай жасамауға қауқары жететінін мойындады. Аруға баласының өмірге келуі ерекше әсер еткен. Осылайша Айжан Байзақова ағынан жарылып, отбасындағы ата-анасымен қарым-қатынасын айтып берді. 


"Иә, балам өмірге келгелі менің контентім өзгерді. Өмірімдегі бір оқиға әсер етті. Бұрын анама ыңғайсыз болатын. Мен анама барынша түсіндіргім келді. Үйде қазақша сөйлесеміз. Арамыз мүлдем басқа. Инстаграмды ашпасақ, бәрі жақсы. Қазір анама пәтер мен көлік сатып алып бердім", — дейді Айжан Байзақова.

Соңғы жаңалықтар