Айтбек қарындасының өлімінен пайда тапқысы келеді - Ресейлік психолог (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.14
  • 477.05
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айтбек қарындасының өлімінен пайда тапқысы келеді - Ресейлік психолог (видео)

Айтбек қарындасының өлімінен пайда тапқысы келеді - Ресейлік психолог (видео)

Ресейлік блогер Бишімбаевқа қатысты сот ісіне келіп, бәрі “хайп” деп мәлімдеді.

  • 25 Сәуiр
  • 90
Фото:kursiv.media

Еліміздегі «ұят» ұғымын әйелдер қауымын қыспаққа алудың бір құралы деп санаған Ксения Собчактың артынан Қазақстанға ресейлік нейропсихолог, коуч-жаттықтырушы Наталья Грейс келді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ол өзінің сот залындағы әрекеті үшін судьядан ескерту алып, сот залынан шығып кетті. Кейін баспасөз орталығына көтеріліп, «азаматтық позициясын» айтып халықтың ашуына тиді.

Наталья Грейс сотқа келіп, процесті видеоға түсіре бастаған. Алайда, сот залына, ашық процесті түсіруге тек тіркелген БАҚ өкілдері жіберілетін. Жәбірленушінің адвокаты Жанна Уразбахова түсіруге болмайтын дәлелдерді түсіріп жатқан блогерге сөгіс жариялауды сұрады. Судья Айжан Құлбаева ескерту жасаған кезде, ол мұны жасамағанын айтып, соттан кешірім сұрады.

Он минуттық үзіліс кезінде ол азаматтық позициясын айтып, ақтала бастады. Сондай-ақ бәрін «хайп» деп, Бишімбаев қылмысты қасақана емес, аффект жағдайында жасаған деп мәлімдеді. Жалпы, аффект жағдайындағы қылмыс 8 сағатқа созылмайды. Осыны ескерген жөн.

Сот залында біздің тілшілердің сұрағына жауап беріп, екінші рет сот процесіне кірмейтінін айтты.

“Өзіме қажет нәрсенің бәрін көрдім. Қандай жағдай болса да, бағдарламамды шығарамын. Бұл жерде қоғамға қысым жасалып жатқанын байқадым, ол туралы да айтамын. Менің пікірімше, Айтбек бұл оқиғадан өзіне коммерциялық пайда іздеп жүр. Сол себепті процесті мүмкіндігінше созып жатыр. Себебі көп адам коммерциялық негізде “хайп” деген нәрсемен айналысады”, – деді Грэйс. 

Ол Қазақстанға келуге, сотқа қатысуға ешқандай рұқсат алмаған екен. Министрлікке сұраныс жібермеген.

“Мен Қазақстан аумағында сыртқы істер министрлігіне тіркелген жоқпын. Бірақ бұл маған азамат ретінде ашық дереккөздерден, әлем бойынша жүргізіліп жатқан трансляциядан ақпарат жинауға кедергі келтірмейді. Біз видео түсірдік. Ешқандай заң бұзған жоқпыз. Ұнамаса ресми органдарға жазыңыздар”, – деді Грэйс. 

Ол тек судьямен ерегесіп қана қоймай, марқұмның ағасына осылай тіл тигізгені тіпті журналистердің ашуына тиді. «Қарындасының өлімінен пайда іздеген» деп айтқаны халықтың да наразылығын туғызды.

«Бишімбаевтың шешесі ақша беріп шақыртқан сияқты»,- дейді желі қолданушылары.

Соңғы жаңалықтар