Жарияланды: 440

Академик А.Коновалов: қазақ нейрохирургиясының табыстарына таң қаламыз

Біз қазақ нейрохирургиясының табыстарына таң қаламыз.

Бүгін елордада басталған Дүниежүзі нейрохирургиялық қоғамдар федерациясының халықаралық конференциясы барысында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Ресейдің Н.Бурденко атындағы Нейрохирургия ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ресей Медицина ғылымдары академиясының академигі Александр Коновалов осындай пікір білдірді. «Біз қазақ нейрохирургиясымен өте тығыз ынтымақтастықтамыз және бұл салада атқарылып жатқан шаралармен жете таныспыз. Қазақ нейрохиругиясының қол жеткізген жетістіктерінің қарқынына таң қаламыз. Сөз өте ауыр науқастарды, ми ісігіне шалдыққан ауруларды, қан тамырлары дертіне шалдыққандарды емдеу төңірегінде болып отыр», - деді ол. Академиктің атап өтуінше, нейрохирургтерді дайындау өте ұзақ үдеріс әрі бұл саладағы білікті маман әрқашанда бағаланады. «Сіздер өздеріңіздің дәрігерлеріңізбен мақтана аласыздар», - деді А.Коновалов. Айта кетейік, бүгін елордада Дүниежүзі нейрохирургиялық қоғамдар федерациясының халықаралық конференциясы басталды. Оған Ресей, Украина, Қытай, Беларусь, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Иран, Ауғанстан сынды елдерден 200-ге жуық тыңдаушы қатысуда. Оларға бірқатар шет елдердің белгілі ғалымдары дәріс оқиды. Олардың қатарында Н.Бурденко атындағы Нейрохирургия ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ресей МҒА академигі Александр Коновалов, Дүниежүзілік нейрохирургиялық қоғамдар федерациясының президенті Питер Блэк, Дүниежүзілік нейрохирургиялық қоғамдар федерациясы Білім комитетінің төрағасы Йоко Като бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть