Акционерлік қоғамдар акциясының 90 мемлекеттік пакеті қор биржасында сатылады деп жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Акционерлік қоғамдар акциясының 90  мемлекеттік пакеті  қор биржасында сатылады деп жоспарлануда

Акционерлік қоғамдар акциясының 90 мемлекеттік пакеті қор биржасында сатылады деп жоспарлануда

Астана. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Акционерлік қоғамдар акциясының 90 мемлекеттік пакеті қор биржасында сатылады деп жоспарлануда. Бұл жөнінде бүгін парламентте өткен үкімет сағатында ҚР қаржы министрі Наталья Коржова мәлімдеді деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Қараша 2007
  • 646
Фото - Caravan.kz

«Монополияны жою үшін 100 кәсіпорын мен 1003 нысана бәсекелестік ортасына беріліп, мемлекеттік акциялардың 90 пакеті мен қатысу үлестерін қор биржасына сату ұсынылған», — деді Н. Коржова.

Министр атап өткеніндей, қазір акцияларының пакеті мемлекеттің меншігіндегі және оларды қор биржасында сату көзделген акционерлік қоғамдар-кәсіпорындардың тізімі үкіметтің қаулысымен бекітіледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті