Жарияланды: 17200

"Әкем де, анам да продюсер емес": Ерке Есмахан Қайрат Нұртастың анасына ренішін жеткізді

"Әкем де, анам да продюсер емес": Ерке Есмахан Қайрат Нұртастың анасына ренішін жеткізді

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова отандық порталдардың біріне берген сұхбатында Ерке Есмаханның миллиондаған қаралымын жоққа шығарып, Қайрат Нұртастың әркез бірінші екенін сөзге тиек етті.

Осыған байланысты Ерке Есмахан танымал продюсерге instagram желісіндегі парақшасында жауап берді.

"Әкем де, анам да продюсер емес...
Өнердің ішінде жүрген жандар болса, олар да жетер жеріне жеткізіп айтар еді!
Олар тек менің жанашырларым!
Қалғаны Алланың маған берген несібесі!
Біреудікін тартып алып жатқаным жоқ, бәрі өз еңбегіммен келіп жатыр.
Бұл заманда көп нәрсені сатып алуға болатын шығар, бірақ өнер адамы халықтың сүйіспеншілігін ешқашан сатып ала алмайды!
Менің шығармашылық жолымның куәсі - халық.
Ютубты мен қалай сатып алам?! Ол сатып алуға болатын дүние болса, менен де ақшасы көп әншілер миллиардтап қаралым жинап отырар еді ғой осы кезге дейін?! Жылағым келіп тұр, шынына келсем...
Сол үшін осыны жазып отырмын!
Мен осы жетістікке жету үшін қаншама өмірдің қиын сынақтарынан өттім. Жарайды! 
Бәрін Аллаға тапсырдым!
Әр нәрсенің қайыры бар!
Гүлзира апай, мен сізді бәрібір жақсы көремін және қатты сыйлаймын!
Қайрош досым, бағың еселенсін!
Есіңде шығар, саған әркез айтамын ғой, сен "номер один" әншісің! Ол шындық", - деп жазды Ерке Есмахан.

Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмаханның "Қайда", - әніне түсірілген бейнебаяны Youtube желісінде 100 миллион қаралым жинаған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін