Жарияланды: 6500

"Әкем қолдады": Күйеуі өзінен 21 жас үлкен Гүлнұр Оразымбетова барлық сырымен бөлісті

"Әкем қолдады": Күйеуі өзінен 21 жас үлкен Гүлнұр Оразымбетова барлық сырымен бөлісті

Әнші Гүлнұр Оразымбетова өзінен 21 жас үлкен күйеуіне қалай тұрмысқа шыққанын айтты.

Қанша халықтың қауесеті болғанымен, әншіні ата-анасы қолдағанын "Жан сырым" бағдарламсында айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Сол уақытта Қызылода облысының әкімі болған Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаевпен әнші Гүлнұр Оразымбетова шаңырақ көтерді. Олар бұл жайтты құпия ұстауға тырысқанымен, халық арасында қаңқу сөздер желдей ескен.

- Ол кісілер ең бастысы мені қолдады. Әрбір ата-ана баласының таңдауына қарсы келмеу керек. Баласының таңдауын қолдап, тек сыйлау керек деп ойлаймын. Ата-анам ел арасындағы қаңқу сөздер мен жас айырмашылыққа қарамай әрдайым мені қолдап жүрді.

Үйленетін уақыт жеткенде, менің қолымды сұрап, құда түсіп, той жасап алып кетті. Ең бастысы, біздің балаларымыздың бақытты өмір сүруі, дейді әнші.

"Бірінші әйелі мен олардың перзенттерін неге ойламайды екен осылар. Бұны тастап, үшінші әйел алса не дейді екен өзі", "Бұл жерде махаббат туралы айту қиынсыз, еркек адамның жас қызға құмартуы мен екінші әйел жақтың болашақта май шелпекте өмір сүрудің жолы деп шешім қабылдауы", деп жазды оқырмандар. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін