Әкемді соңғы сапарына шығарып салуға үлгермегенім жаныма қатты батты - Айгүл Иманбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 487.42
  • 531.39
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкемді соңғы сапарына шығарып салуға үлгермегенім жаныма қатты батты - Айгүл Иманбаева

Әкемді соңғы сапарына шығарып салуға үлгермегенім жаныма қатты батты - Айгүл Иманбаева

Әнші Айгүл Иманбаева шетелде оқуда болып, әкесін ақтық сапарына шығарып сала алмаған.

  • 9 Тамыз 2023
  • 676
Фото - Caravan.kz

Бұл өкініші туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Өмір барда өлім хақ. Әкем Жәрдемәлиев Серікқұл Сибғатұлының жамбасы бүгін жерге тиді. Алланың берген жасы 73 екен. Кеше ғана тауып, қасында өзімді кішкентай Айгүл сезініп балалығыма оралған қуанышымды Аллам маған өлшеп берген екен. Шүкір дедім. Жүрегімдегі тасты жұлып тастап 46 жасымда әкемнің қасында бақытты бала болдым, еркеледім, еркелеттім. Шүкір дедім. 

Лаура мен Дәулеттей бауыр сыйлады маған. Сіңілім Райханмен арадағы үзілген жіпті жалғадым. Анам мен әкем бір-біріне іште қалған реніштерін кешіріп, енді ғана әдемі сыйластық басталған. Үзілді…Шүкір дедім. Жаратқанның әрбір ісіне, бергеніне бәріне шүкіршілік еттім. Тек жанымды қатты қинаған менің сыртта оқуда жүріп, бүгінгі әкемді соңғы сапарына шығарып салуға үлгермегенім батты ғой.  Тапқаным кеше ғана еді, бүгін жоғалттым…Жаратқанның жоспары бізге осылай екен. Шүкіршілік еттім. 

Мен әлеуметтік желіде ішкі әлемімді бөлісіп көп нәрсе жаза алмаймын. Біірақ менің өміріме ұқсас жандар бар, болмаса әке-шешесіне уақыт таба алмайтын, қатты сөйлейтін балалар бар. Айтарым барында бағалаңыздар. Өмір қас-қағым сәт…",- деп жазды әнші.