"Әкемді ұрғаным үшін Алла кешірсін": Әлем чемпионы әкесіне не себепті қол көтергенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әкемді ұрғаным үшін Алла кешірсін": Әлем чемпионы әкесіне не себепті қол көтергенін айтты

"Әкемді ұрғаным үшін Алла кешірсін": Әлем чемпионы әкесіне не себепті қол көтергенін айтты

Ережессіз жекпе-жектен әлем чемпионы Жұман Жұмабеков әкесіне қол көтерген кезін еске алып, көзіне жас алды.

  • 22 Сәуiр
  • 1297
Фото: видеодан алынған кадр

Ережессіз жекпе-жектен әлем чемпионы Жұман Жұмабеков әкесіне қол көтерген кезін еске алып, көзіне жас алды.

Бұл туралы ол Айдос Ербосынұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Алматы қаласында пәтер жалдап тұрғанбыз. Үйдегілер туған күн тойлап жатты, сол кезде әкем ішкен болатын. Бәріміз күліп-ойнап отырған кезде әкем оянып кетіп, үлкен ағамды ұрыс тастайды. Мас болғаннан кейін, есін білмейді ғой. Мен сол кезде әкеме қол көтеріп, қашып кеткем. Өйткені, ағама жаным ашып кетті. Әкем қайтып ұйықтап қалды. Мен ауылда оқыдым, ата-анам Алматыда болды. Мектеп кезімде каникулға келгем кезімде анам мен бауырларым күтіп алды. Папаң жұмыстан келіп, ұйықтап жатыр деді. Бір кезде ол ұйқыдан оянғанда папа деп барған едім, орнынан әрең тұрды. Сөйтсем сол кезде ауырып бастаған екен. Ауылда жүрген кезде әкең қайтыс болды деген суық хабар келді. Әкемнен кешірім сұрап үлгермедім. Бір өкінішім сол. Шыны керек, әкең қайтыс болды дегенде сенген жоқпын. Табытын Алматыдан әкелген кезде көзім жетті. Көзі тірісінде кешірім сұрап үлгермедім. Жүрегімде қалған арманым сол. Мен бұны жібере алмаймын. Алла нәсіп етсе, ақыретте кездесерміз», — дейді спортшы.

Қосымша ақпарат: Жұман Жұмабеков — Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, ережессіз жекпе-жектен әлем чемпионы

Соңғы жаңалықтар