Әкемнен кешірім сұрауға күшім жетпеді - Құралай Нұрқаділова - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкемнен кешірім сұрауға күшім жетпеді - Құралай Нұрқаділова

Әкемнен кешірім сұрауға күшім жетпеді - Құралай Нұрқаділова

Заманбек Нұрқаділовтың қызы Құралай Нұрқаділова 15 жыл бойы көп шындықты жасырып, қорқынышпен өмір сүріп келгенін, әкесінен кешірім сұрағысы келгенін айтты.

  • 14 Маусым 2023
  • 192
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол "Қыздар-ай" бағдарламасында айтты деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Мен көп жыл көп шындықты  өзімде ұстадым. Соның әсерінен ауырып қалып, психосоматикам болып кетті. Көп уақыт бойы ауа жетпей тұншығып қалатын болдым. Барлығын ішімде сақтаймын деп тіпті тілімді жұтып қойдым. 1-2 жыл бұрын емшіге барғанымда отыршы деп, салфетканы алып тілімді тартып, тіліңді жұтып қойдың деді. Мен көп нәрсені әлі айта алмай жүрмін.  Қазақша да, орысша да сөйлей алмай жүрдім. 15 жыл бойы солай жүрдім", — дейді ол.

Сондай-ақ, әкесінен көзі тірі кезінде кешірім сұрағысы келгенін де жасырмады. 

"Әкем қайтыс болардан 2 ай бұрын маған келді. Біз сөйлестік, бірақ ол диалог емес, монолог болды. Көп сөзді папам айтты, мен айта алмадым. Папама көп сөз айтуым керек. Бірақ ол мені, менің істеп жатқан дүниелерімді көріп жатыр, қолдап жүр деп ойлаймын. Мен папаммен кездесуден кейін хабарласып кешірім сұраймын деп ойлап жүрдім. Бірақ үлгермей қалдым. Бір апта бойы кешірім сұраймын деп жүрдім, бірақ күшім жетпеді. Телефонды алып, хабарласып кешір деп айтқым келетін, брақ айта алмадым. Өзім оны қабылдадым, кешірдім. Өтімнен тас алдырып операция жасатқанда наркоздан шыққандағы бірінші ойым папаны кешірдім және одан кешірім сұрауым керек деген болған еді",- дейді ол. 

Соңғы жаңалықтар