"Әкесі 53 жастағы көрші": Алматы облысында 15 жастағы оқушы қыз жүкті болып қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әкесі 53 жастағы көрші": Алматы облысында 15 жастағы оқушы қыз жүкті болып қалған

"Әкесі 53 жастағы көрші": Алматы облысында 15 жастағы оқушы қыз жүкті болып қалған

Алматы облысы Междуреченск ауданында 15 жастағы оқушы қыздың аяғы ауыр болып қалды. Ата-анасының айтуынша, баланың әкесі 53 жастағы көршісі.

  • 24 Ақпан 2023
  • 2796
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Koremiz бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

15 жастағы қызының жүкті екенін анасы Меруерт Шеңгелбаева 7 айлығында бір-ақ білген.

"Тестпен тексердім. Екеуі бар еді. Біріншісін көргенде "мүмкін емес. Бұл көшеге де шықпаушы еді ғой", дедім. Екіншісі де солай болып шыққанда "Динара кім ол?" дедім. Көршімді айтты", — дейді ол.

"Сол кісі келгенде "мені жоқ деп айтшы" деп арғы бөлмеге тығылып қалатын. Үнемі "Біз қонаққа кетіп барамыз. Қызымның қасында отыра тұрсыншы" деп сұрап әкетуші еді. Ешқандай күдіксіз жібере беруші едік. Күндік әкетеді. Кешке әкеліп тастайды. Біз мән бермей жүргенбіз. "Егер айтсаң кішкентай сіңіліңе де солай істеймін" деп қорқытқан. Содан қызым бізден жасырып жүрген",  — дейді.

Сондай-ақ, анасы кәмелетке толмаған қызының етегін көтерген күдіктінің әлі бостандықта жүргеніне қапалы.


"Жазасын алғанын қалаймын. Іс бір орнында тұр", — дейді. 

Оқиғаның қалай болғанын қыздың өзі айтып берді: "Біріншісінде үйді жинауға көмектесші деп шақырған. "Гүлбаршын тағы бір қыз бар. Соларға көмектесіп жібер" деген. Мен көлігіне отырып бардым. Бара жатқан жолда басқа жолға бұрылып кетті. Жолда тоқтады. Машинадан мені шығарып багажға алып барып, "болды"".

Ал, күдікке ілінген көрші өзінің кінәсіз екенін айтады. "Маған пәлесін жауып отыр. Қызы өз баласынан жүкті болып отыр. Қыздан сараптамасы шыққан кезде бәрі белгілі болады", — дейді ол.

 

Соңғы жаңалықтар