"Әкесі бұрын әкім болған": Мәжілістің экс-депутатының ұлы Украинада Ресей жағында соғысып жүргені жайлы мәлімет тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әкесі бұрын әкім болған": Мәжілістің экс-депутатының ұлы Украинада Ресей жағында соғысып жүргені жайлы мәлімет тарады

"Әкесі бұрын әкім болған": Мәжілістің экс-депутатының ұлы Украинада Ресей жағында соғысып жүргені жайлы мәлімет тарады

Орал қаласының бұрынғы әкімі әрі Мәжілістің экс-депутатының ұлы Украинада Ресей жағында соғысып жүр деген мәлімет тарады. Ақпаратта оның суреті де көрсетілген. 

  • 1 Наурыз 2023
  • 721
Фото - Caravan.kz

Бұл деректі lukpan_akhmedyarov желідегі парақшасында жазды деп, хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Автор былай деп жазба қалдырған.

"Орал қаласының бұрынғы әкімі, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Самиғолла Оразовтың ұлы Украина жерінде орыс басқыншылары жағында соғысып жүрген болуы мүмкін.Суретте 45 жастағы Бауыржан Оразов. Ол бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының ішкі істер бөлімінде есірткі саудасына қарсы күрес бөлімінде қызмет еткен. Бауыржан Оразовты ресейлік сарбаздың формасын киген суретінен таныған бұрынғы әріптестерінің айтуынша, экс-әкім әрі депутаттың ұлы осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан полициясы қатарынан бас тартып, Ресей Федерациясына қоныс аударған. .
Мен фотосуреттен Бауыржан Оразовтың ДНР дағы еріктілердің құрамында басқыншылар жағындағы ұрыс қимылдарына анық қатысуда деп пайымдауға болады. Бұған киімі мен сепаратистік тудың түстерінде оралған қаруындағы лентасы дәлел",- деп жазды Лұқпан Ахмедияров. 

Дегенмен бұл мәліметтің қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз. 


Көпшілік: "Сатқын, қазақ емес", "Масқара ғой депутат көкеміз жұмыс деп жүріп ұлына жөнді тәрбие беруді ұмытып кеткен ғой", "Қайдан шығады осындай ресейшіл, орысшылдар", деген сынды пікірлер қалдырды. "

Соңғы жаңалықтар