Жарияланды: 140

“Әкетті мені, my love”: Мәдина Сәдуақасова 40-қа тақаған шағында ән айту стилін өзгертіп тастады

“Әкетті мені, my love”: Мәдина Сәдуақасова 40-қа тақаған шағында ән айту стилін өзгертіп тастады

Осыдан бірер күн бұрын Мәдина Сәдуақасова 39 жасқа толды. Кейінгі жастарға үлгі болып жүрген өнер иесі 40-қа жақындаған шағында ән айту стилін өзгерткісі келген ұқсайды. Әншінің “Үнсіз болма” атты жаңа әні осы сөзіміздің дәлелі бола алады.

Мәдина аталған әнді жарыққа шығармас бұрын ұзақ ойланғанын айтады. Себебі жастарға жақын жанрда жазылған ән маған жараспас, деген ойда болған Сәдуақасова. Алайда ойлана келе тәжірибе жасағаным дұрыс деп шешкен.

“Бауыржан Бимаханның “Үнсіз болма” деген әні. Композитор ұсынған кезде, біраз тартындым. Менің табиғатыма келе ма, жоқ па, тәжірибе жасамай-ақ қояйық деп едім, ертеңіне ойландым. Неге жасамасқа, неге өзгермеске?” – деді Сәдуақасова “Хабар” арнасының “Таңғы хабар” бағдарламасында.

Қызығы да сол, жастардың стилінде бір рет ән салған Сәдуақасова енді репертуарын түбегейлі өзгертуді ойлап жүр.

“Ол жасалды, қазір одан зоры жасалып жатыр. “Әкетті мені, my love” деген жаңа стильдегі, ағылшын тіліндегі ән, ерекше болсын деп жасадық. Сөзін жас бала жазды, шынымды айтайын, белгілі ақын да емес. Бірақ сөздері жастарға бірден қабылданады. Жеңіл деп айтайын десем, өзім үшін жеңіл бола ма, жоқ па, білмей тұрмын”, – деп ағынан жарылды әнші.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть