Ахметбек Нұрсила баспанасыз қазақтар туралы: Оларды адам деп санамаймын - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ахметбек Нұрсила баспанасыз қазақтар туралы: Оларды адам деп санамаймын

Ахметбек Нұрсила баспанасыз қазақтар туралы: Оларды адам деп санамаймын

Белгілі кәсіпкер, "Бизнес бастау" шеберлік мектебінің жетекшісі Ахметбек Нұрсила бүгінгі күні үйі жоқ адамдарға қатысты ойын ашық айтты.

  • 13 Қараша 2019
  • 333
Фото - Caravan.kz

Асхат Садырбайдың "Не істейміз?", — бағдарламасына берген сұхбатында кәсіпкер үйі жоқ, адамдарды жануарлардан да төмен екенін айтты.

"Жақсы өмірге қол жеткізу үшін адам шынай сондай өмірді сүю керек. Кез келген адамның баспанасы болуы тиіс, астында бір көлігі болуы керек. Не ішем, не жеймін деген проблеманы алып тастауға әсіресе Қазақстанда ондай мүмкіншілік бар. Сондай өмірдің барына сену керек, сондай өмірді сүю керек. Суырда азғантай ғана ақыл бар. Соның ішінде біреудің ініне барып, бір түн түнеп шығайыншы, жалға ала тұрайыншы деген суырды көрген жоқпын. Мен өзім Тарбағатайданмын, суырлы мекеннен. Ол жерде сеп-семіз суыр бала шағасымен өз інінде өмір сүріп жатыр. Ал адам баласы суырдан ақылды ғой. Сен ақылды болсаң, сенің баспанаң болуы тиіс. 30 жасқа келгенде баспанаң жоқ болса, сенің суырдан күнің төмен деген нәрсе. Адамда намыс болуы тиіс. Адамда ақыл-ой мен сана бар. Бірақ бізді құртатын жалқаулық", — деп жауап берді Ахметбек Нұрсила.


Ахметбек Нұрсила деген кім?

Ахметбек Нұрсила кәсіпкер, алғашқы қазақ тілді бизнес тренерлердің бірі. "Швабские колбаски" шұжық комбинатының иесі әрі "Бизнес бастау" шеберлік мектебінің жетекшісі. 2001 жылы Қазақстан Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі болған. "Сарыжайлау" қымыз шұбат өндірісінің бас директоры.

 

Соңғы жаңалықтар