Жарияланды: 5400

Ахметбек Нұрсиланың сөзін рэпке айналдырған «Шегіртке» видеосының авторы белгілі болды

Ахметбек Нұрсиланың сөзін рэпке айналдырған «Шегіртке» видеосының авторы белгілі болды

Естеріңізге салсақ, ол видеода кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың әншілер жайында өз пікірін білдірген. Ал бұл видео негізі Ақтөбелік Наурызбек деген жігіттің @elim_kazak парақшасынан кеңінен таралып кеткен.

Алайда «Шегірткеге арналған рэп» видеосының авторы @chooolike парақшасының админі екен.

– Мәселен, шегірткені жасағанда идея «Астарлы ақиқат» бағдарламасын көргеннен кейін келді. Оның үстіне халық та бұл мәселені көп талқылап кетті. Біз рэпке сөз жазбаймыз, ол жердегі дауыс видеодағы кейіпкерледің өз дауысы. Біз тек сол видеодан ұйқас іздейміз жасауға болатын. Егер табылса, жасап шығамыз, – деді ол.

@chooolike парақшасының админі өзінің аты-жөнін атаудан бас тартты. Бірақ онда екі адам жұмыс істейді екен. «Өзіміз музыканың айналасында жұмыс істейтін жандар болған соң, монтаждау қолымыздан келеді. Карантинде бос жатпай, қабілетімізді пайлаланып көрмекші болдық. Бұл жай ғана хобби. Карантин біткен соң, мұнымен айналысу не айналыспау белгісіз» дейді ол.

Оның мәлімдеуінше, бұл парақша біреудің сойлын соғып, сынап-мінеу емес. Бар мақсат – әртүрлі видеодан кесіп, қызықты музыкалық форматтағы видео жасау. Мысалы, теледидардан көрсеткен сұхбаттардан немесе ел арасында кеңінен танылған видеодан жасалады.

ВИДЕО: www.instagram.com/chooolike/

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін