Жарияланды: 320

АХМЕТОВ ІСІ: Сотталушылар кезекті рет судьяны ауыстыруды талап етті

Бұрынғы үкімет басшысы Серік Ахметовке қатысты сот ісіндегі сотталушылар кезекті рет судьяны ауыстыруды талап етті. Қорғаушылар судья Есенбаевтың процестерді жүрдім-бардым өткізіп, жауап алу барысында өрескел заңбұзушылықтарға жол беріп отыр деген мәлімдеме жасады.

Адвокат Мейрам Шәймерденов осымен екінші рет судьяны ауыстыруды талап етті. Бұған дейінгі өтініші қабылданбаған болатын. Ол судья  тергеуді жан -жақты жүргізуге кедергі келтіреді. Жауап толығымен алынбайды, қорғаушы немесе айыптаушы тараптарды дұрыс тыңдамайды, -деген уәж айтуда. Сондай-ақ Қарағандының қазіргі әкімі Нұрлан Әубәкіровті процеске жәбірленуші ретінде қосқаны да заңға қайшы екен. Өйткені айыптау қортындысында көрсетілген миллиондаған шығын әкімнің жеке басына емес, қала бюджетіне келтірілген. Қорғаушы бірнеше беттен тұратын дәйектерін келтіріп, талап қойғанымен, арызды қараған келесі судья оны қанағаттандырусыз қалдырды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін