Ахметжан Есімов Республика сарайының құрылысы барысымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ахметжан Есімов Республика сарайының құрылысы барысымен танысты

Ахметжан Есімов Республика сарайының құрылысы барысымен танысты

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Республика Сарайының қайта жаңартылуына қатысты көшпелі кеңес өткізді.

  • 30 Маусым 2011
  • 484
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетсек, Республика Сарайына салынғалы бері 40 жыл ішінде ешқандай құрылыс және жаңарту жұмыстары мүлдем жүргізілмеген болатын. Нысанға күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылы жазда басталды.

Бүгінгі күні Республика Сарайының қабырғалары, бағаналары, әрлік плиталары мен шатыры сейсмикалық жағынан күшейтілген. Іргетасы қайта жасалып, ішкі едендері қайта төселді, Террас пен стилабтарға тіректер қойылды. Кірпішпен бөлінетін жерлер де қатайтылып, сыртқы инженерлік желілер орнатылған. Қазіргі уақытта мұнда ішкі инженерлік желілер қолға алынып, ішкі әрлеу жұмыстары басталып кеткен.

Жарық, дауыс беру, қажетті механикалық, кино және видео жабдықтарды жеткізу үшін APM USA Inc. компаниясымен, ал механикалық және технологиялық жабдықтарды әкелу үшін SPECTRUM TECHNOLOGIES INC компаниясымен келісім шартқа қол қойылды.

Алматы әкімі атқарылған жұмыстың сапасына барынша назар аударды. Мұнда әлі де жүзеге асатын жұмыстар ауқымының өте үлкен әрі күрделі екендігін баса айтып, ол жұмыстардың белгіленген кестеге сай орындалуын талап етті.

Қала басшысы кеңес барысында қайта жаңартылып, қайта жасалған Республика Сарайы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына пайдалануға берілуі тиіс екендігін ерекше атап өтті. Өйткені, бұл тапсырманы Қазақстан Республикасының Президенті Алматыны одан әрі дамытуға қатысты кеңесте алға қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар