Ахметжан Есімовке Елбасына екі рет есеп беруіне тура келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ахметжан Есімовке Елбасына екі рет есеп беруіне тура келеді

Ахметжан Есімовке Елбасына екі рет есеп беруіне тура келеді

Алматы қаласының әкіміне президентке 2-рет есеп беруіне тура келеді. Нұрсұлтан Назарбаев ертең Үкімет пен облыс әкімдерінің қатысуымен өткізетін кеңес алдында бүгін еліміздегі ең ірі мегаполисінің басшысын жеке қабылдады.

  • 11 Қазан 2013
  • 313
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

— Өздерің де шара қолданып жатырсыңдар. Қаланың ішіндегі экологияны тазарту үшін. Автобустарды газға көшіріп. Басқа өңірлердің алдында келе жатыр Алматы. Бұл жерде әкімдіктің де, өзіңнің де жұмысыңның нәтижесі деп саналады.

Алматы қаласының әкімінен ертең де есеп алынатыны белгілі. Бірақ басқа әріптестеріне қарағанда, атқарған жұмысын бүгін баяндап үлгерді. Ахметжан Есімов президентке оңтүстік астананы қаржы ғана емес, ірі туризм орталығына айналдыру үшін еңбектеніп жатқанын айтты. Кездесуге тыңғылықты дайындалып келген әкім тіпті саннан шатысқан жоқ.


Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

— Білім саласының 40 нысаны салынды. Өзіңіздің қолдауыңызбен. Денсаулық сақтау саласының 18 нысаны салынды. Мыңнан астам шақырым жол жөнделді.