Жарияланды: 100

Әкім есебіне кіре алмаған жаңаөзендіктер шу шығарды

Әкім есебіне кіре алмаған жаңаөзендіктер шу шығарды Сурет - YouTube

Әкімдердің есебіне кіре алмадық деген шу енді Жаңаөзеннен шықты. Өйткені, әкім Әділбек Дауылбаев есептің тыныш өтуіне қатты дайындалғаны соншалық, автоматы болмаса да, есік алдына бір топ полицейді қаз-қатар тізіп қойыпты.

Бұл туралы 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы хабарлайды.

Көпбалалы аналармыз деген бұл азаматтар тұрып жатқан жатақханалардың жағдайына шағым айта келіпті. Аядай бөлмелерде 11 адаммен тұрғанымыз аздай, жолдастарымызға жұмыс жоқ дейді.

Бірақ, Жаңаөзен әкімі 500-ге жуық адам болған мәдениет үйінде ине шаншар орын болмады деп отыр. Айтуынша тұрғындар лық толған залға орын болмаған соң кіргізілмепті. Дегенмен бұл азаматтар шағымымен әкім таныспын, біреуі кезектен тыс тұрғын үй өзгесі мұнай компаниясына жұмысқа тұрғызуды сұрап келген дейді.

Әділбек Дауылбаев, Жаңаөзен қаласының әкімі:

Мысалы кезектен тыс жұмыс орнын бер дейді. Бірнеше жерге жұмысқа жұмсадық. Ол кісі ол жұмыстардың бәріне отказ береді, мені мұнайға кіргіз дейді. Біреудің құқығын бұза алмаймыз. Ол жерде де шектеу орын. Бұл кісілер деген қайта, қайта келді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін