Әкімдікте кезекте тұрғандарға 6 мың пәтер таратылады - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкімдікте кезекте тұрғандарға 6 мың пәтер таратылады

Әкімдікте кезекте тұрғандарға 6 мың пәтер таратылады

Әкімдікте кезекте тұрғандарға биыл 1 шілдеге дейін 924 пәтер берілген.

  • 30 Шiлде 2019
  • 17
Фото - Caravan.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр әкімдік кезегінде тұрғандарға баспана беру туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл кезекте тұрған адамдарға 6 мың пәтер беру жоспарланып отыр. 1 шілдеге дейін 924 пәтер тапсырылды. Көпбалалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысына және осы мақсатта дайын үйлерді сатып алуға 50 миллиард теңге қарастырылған", — деді Скляр үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, барлық қаржыландыру көзінің есебінен көпбалалы отбасыларға 7 482 арендалық пәтерді тарату жоспарланып отыр.

"Мамыр айынан бастап 1 619 көпбалалы отбасыға тұрғын үйлер берілді. Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында жұмыс жасайтын жастарды баспанамен қамтамасыз ету үшін жылына 1 000 жалдамалы пәтер салу жоспары бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, осы санаттағы тұрғын үйлерді салуға және сатып алуға қаржыландыру көлемі жылына 21,6 миллиард теңгеге ұлғайтылады. Осының арқасында үш жылда жастар үшін 3 000 пәтер салынады", — деп атап көрсетті Скляр.

Айта кетсек, жуырда тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды сатып алу құқығынсыз арендалық үймен қамтуға мүмкіндік беретін заң қабылданды. Оған сәйкес көпбалалы отбасылар өздері жеке пәтер сатып алғанша, мемлекет берген үйде қалаған уақытқа дейін тұра алады.


 

Соңғы жаңалықтар