Әкімшіліктер тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаржыны мейлінше тиімді пайдалануы қажет - индустрия және сауда министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкімшіліктер тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаржыны мейлінше тиімді пайдалануы қажет - индустрия  және сауда министрі

Әкімшіліктер тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаржыны мейлінше тиімді пайдалануы қажет - индустрия және сауда министрі

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Әкімшіліктер тұрғын үй құрылысы жөніндегі 2008-2010-жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінген қаржыны мейлінше тиімді пайдалануы қажет. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлімдеді , деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Мамыр 2008
  • 464
Фото - Caravan.kz

«Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға 2008 жылы жалға берілетін баспана тұрғызуға 7,3 млрд теңге, несиелік баспана салуға 16,2 млрд теңге, инженерлік желілерді тартуға 35 млрд теңге бөлінді», — деді В. Школьник.

«Ағымдағы жылдың 10 сәуіріндегі жағдаймен жергілікті атқарушы билік органдарына жалға берілетін баспана салуға 1 млрд 959 млн теңге бөлініп, оның небәрі 5% игерілген; несиелік баспананы салуға 3 млрд 725 млн теңге бөлініп, оның 771 млн, немесе жылдық жоспарға шаққанда 5% ; инженерлік желілерге 11 млрд 749 млн теңге бөлініп, оның 5 млрд 974 млн, немесе, жылдық жоспарға шаққанда 17% игерілген», -деді министр.

Ол сонымен қатар «2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жергілікті атқарушы билік органдарына бөлінген несиелерді қайта пайдалану есебінен биыл 22 млрд теңге игеру жоспарланғанын» жеткізді.

«Бұл ақша сіздерде бар. 10 сәуірдегі жағдаймен, небәрі 1 млрд 249 млн теңге, яғни, 7% игерілген. Ақша көп, тұрғын үй салып, осы тауқыметтерді шешу керек. Ақшаны тез әрі тиімді игеру қажет», — деді В. Школьник.

Индустрия және сауда министрі бұған қоса «2008 жылдың бірінші тоқсанында тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестиция көлемі 124,9 млрд теңгені құрағанын, бұл 2007 жылдың бірінші тоқсанына шаққанда 138% болғанын» атап өтті. «Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 1 млн 575 мың шаршы метрді құрады, бұл өткен жылдың бірінші тоқсанындағыға шаққанда 103,6% болмақ», -деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті