"Әккі дипломаттың Женева мен Нью-Йоркқа берген белгісі". Саясаткер Тоқаевтің Мәскеудегі жүріс-тұрысын саралады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әккі дипломаттың Женева мен Нью-Йоркқа берген белгісі". Саясаткер Тоқаевтің Мәскеудегі жүріс-тұрысын саралады

"Әккі дипломаттың Женева мен Нью-Йоркқа берген белгісі". Саясаткер Тоқаевтің Мәскеудегі жүріс-тұрысын саралады

Саясаткер Самат Нұртаза Қасым-Жомарт Тоқаевтің кешегеі Мәскеуге бараған сапары мен ондағы жүріс-тұрысын, әр мимикасын өзінше саралап, астар іздеді.  

  • 17 Мамыр 2022
  • 1785
Фото - Caravan.kz

Бұл туарлы  Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Бұл суретте не көріп тұрсың, Қазағым?? Мынау деген саяси тілден аударса “Қазағым!” деп тұрған Қасым-Жомарт Тоқаев емес пе! Мынау “Body language” жүйесінен аударсақ “Маған тиме!” деген сөз ғой ", деп жазды Самат Нұртаза.

Бірінші суреттегі президентімізге мұқият қараңыздаршы. Өз ойымен отыр. Өз әлеміне еніп, тұңғиық терең ойдағы адам. Елі мен Жерін ойлап отырған адамның бейнесі емес пе. Қараңыздаршы… беттен бір миллиметр эмоция көрінбейді. Әккі дипломат. Путин сөйлеп жатыр ма, басқа сөйлеп жатыр ма, таза өз ойын айтып үнсіз отыра қалды. Көзден де ұстатпайды Қас-ағамыз! Бір нүктеге қадалды да қалды. Путинның мамандарының түсіріп тұрғанын, мимиканың анализ жасалатынын — бәрін біліп отыр Тоқаев мырза.

Екінші суреттегі президентімізге мұқият қараңыздаршы. Пәле-жаладан аулақ тұр. Тіпті қырғыз бауырының 3-4 см жеріне жақындап кетті, бірақ пәле-жаладан алшақ тұрғанын аңғартты. Бүкіл дүниежүзі бұл алшақтықты аңғарды, мимика мен жестикуляцияны әлем сезді. Тіпті Тоқаев Путинге жақын тұрса ешкім ештеңе демес еді, бірақ бұл әккі дипломаттың Женева мен Нью-Йоркқа берген белгісі.

Қысқасы президентіміз алдырмады. Мимикадан да, сөзден де, жүріс-тұрыстан да. Әдемі. Сұсты. Салмақты. Өзім бүгін кәдімгідей алақан жайып тілеп едім, тілеуім орындалғанына қуанып, көңілім орнына келді. Алай-дүлей болған жүрек те тынышталды. Шүкір, деп жазды ол.


Сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путинмен арадағы жеке кездесуіне де мән берген.

"Біздің президентіміз зиялы. Әңгімелесушіге тіке қарайды. Ешқандай мимика, эмоция жоқ. 100% дипломат.
Ал қарсыдағы адамның аяқтары жыбырлап, көздері ісіп, қолымен орындықты ұстап тұр",- деді саясаткер. 

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өткен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар