АҚШ Оңтүстік Африкаға көмек көрсетуді тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.15
  • 550.31
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Оңтүстік Африкаға көмек көрсетуді тоқтатты

АҚШ Оңтүстік Африкаға көмек көрсетуді тоқтатты

АҚШ Мемлекеттік департаменті Оңтүстік Африка Республикасына көрсетілетін сыртқы көмектің көп бөлігін дереу тоқтатуға бұйрық берді

  • 7 Наурыз
  • 7
Фото: www.aljazeera.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

— 14204 Жарлығын тиімді жүзеге асыру үшін барлық бюролар, кеңселер мен миссиялар Оңтүстік Африкаға барлық міндеттемелер мен жәрдем бөлуді тоқтата тұруы керек, — делінген Мемлекеттік хатшы Марко Рубио қол қойған құжатта.

Құжатта нидерландтық отарлаушылар ұрпақтарының ақ нәсілділерге қатысты «әділетсіз нәсілдік кемсітушілігі» ерекше аталып өткен.

Жалпы достас екі ел арасындағы шиеленіс АҚШ президенті Дональд Трамптың Оңтүстік Африканы ақ нәсілді азаматтарды кемсіту үшін жер туралы жаңа заң қолданды деп айыптауынан кейін ушыға түсті. Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамафоса бұл мәлімдемелерді жалған ақпарат ретінде жоққа шығарды.

Трамп сонымен қатар Халықаралық соттың Израильге қарсы геноцид ісіндегі Оңтүстік Африканың жетекші рөлін сынап, АҚШ-қа көшкісі келетін бай ақ нәсілді африкалықтарға босқын мәртебесін ұсынды.