АҚШ-та 24 жасар қазақстандық жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.33
  • 566.3
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та 24 жасар қазақстандық жоғалып кетті

АҚШ-та 24 жасар қазақстандық жоғалып кетті

АҚШ-та екі апта бұрын жоғалып кеткен Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр.

  • 14 Маусым
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Данияр Мейірхан Threads әлеуметтік желісінде жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

24 жастағы Әсет Құралбай Чикаго ауданында (Ford Heights, Illinois) тұрады. Ол кейінгі рет 2026 жылғы 2 маусымда байланысқа шыққан. 7 маусымнан бастап телефоны сөндірулі. Құжаттары мен банк карталары үйде қалған.

«10 маусымда полиция оның Toyota Camry (DP 86722) автокөлігін тапты, алайда Әсеттің қайда екені әлі белгісіз. Егер кімде-кім оны көрсе немесе қандай да бір ақпарат білсе, жеке хабарлама арқылы хабарлауды немесе отбасымен байланысуды сұраймыз. Мейлінше көп репост жасауды өтінемін», — делінген хабарламада.

Қазақстан СІМ бұл оқиғаға қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.