Ақтаулық тұрғын Қазақстан азаматы екенін дәлелдей алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 481.84
  • 531.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтаулық тұрғын Қазақстан азаматы екенін дәлелдей алмай жүр

Ақтаулық тұрғын Қазақстан азаматы екенін дәлелдей алмай жүр

Ақтаулық тұрғын Қазақстан азаматы екенін дәлелдей алмай жүр. 24 жастағы Мзиа Цхададзе елімізде білім алып, тұрмыс құрған. 20 жылдан бері қоғаммен тығыз байланыста болып, отандастарымызға берілетін жеке куәлігінен бастап барлық құжатты қолына алған. Бірақ азаматтық ресми түрде берілмегенін әйел жақында біліп, түсіне алмай әлек. Қай органның қызметкері қателесті? Азаматтығы жоқ тұрғынға жеке басын куәландыратын құжат қалай берілген?

  • 2 Қазан
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Информбюроға сілтеме жасап хабарлайды.

Мзиа Цхададзе үш жасында анасымен Грузиядан Ақтауға көшіп келген. 16 жасқа толғанда халыққа қызмет көрсету орталығынан жеке куәлігін алған екен. Тұрмыс құрып, қызына төлқұжат жасатуға барғанда «сізге Қазақстан азаматтығы берілмеген» деген жауап алып, аң-таң болыпты.

МЗИА ЦХАДАДЗЕ, Ақтау қаласының тұрғыны:

— Құжаттарымның барлығы Қазақстан азаматының құжаттары. Паспорт, жеке куәлік, права барлық документтерім бар. Бірақ сонда да сондай проблема шығып тұр. Грузияның документтерінен тек свидетельство о рождений, басқа ештеңе жоқ.

Бір қызығы, Мзиа үш жылдан бері кәсібін жүргізіп салық төлеп келген. Түсініксіз жағдайға тап болдым деген әйел қазір мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырып жүр. МЗИА ЦХАДАДЗЕ, Ақтау қаласының тұрғыны:

— Отказ келген кезде миграцияға шақырды. Миграцияға барған кезде маған айтады сіз алған документтеріңіз незаконный деп. Мен консульствоға жаздым, ЦОН-ға келдім. Барлық жерге келдім. Көбісі айтады ЦОН-ның адамы қателесіп кеткен деп. Дұрыс берген жоқ документтерді.

2014 жылы азаматтық Мзианың анасына беріліп, өзіне берілмей қалған екен. Сондықтан қолындағы жеке басын куәландыратын құжаттар жарамсыз. Ағаттықтың көші-қон қызметінен кеткенін өңірдің полиция департаменті де растап отыр. АЙГЕРІМ ИБАТУЛЛАЕВА, Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

— Мзиа Цхададзе құжатын ресімдеу барысында 2015 жылы көші-қон қызметінің қызметкерлері қателік жіберген. Құжаттау кезінде Мзиа Қазақстан азаматшасы болған жоқ. Қазiргi уақытта Мзиа Цхададзе Грузия елшiлiгiнен Грузия Республикасы азаматтығы бар немесе жоқ деген анықтама алуы қажет.

Тәртіп сақшылары Мзианың Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға мүмкіндігі бар екенін жеткізді. Себебі оның жұбайы елде туып-өскен. Құзырлы орган өкілдері тығырыққа тірелген тұрғынға қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесеміз сендірді.