Ақтөбе қоймаларында су деңгейі түсіп келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе қоймаларында су деңгейі түсіп келеді

Ақтөбе қоймаларында су деңгейі түсіп келеді

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев өңірдегі су тасқыны салдары мен атқарылған жұмыстар туралы айтып берді

  • 9 Сәуiр
  • 37
Фото: pixabay.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

«Облыстағы үш ірі су қоймасының деңгейі қалыпты. Соңғы екі-үш күнде Қарғалы су қоймасында жауын-шашын салдарынан су деңгейі көтерілген болатын. Кеше біз Қарғалы қоймасын толық аралап шықтық. Су деңгейінің түсуі байқалады. Қазіргі сәтте секундына 100 текше метр су транзиттік режимде жіберіліп отыр. Екі сағат сайын қоймадағы су деңгейі тексерілуде», — деді А, Есенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, Ақтөбе облысы бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты, ондағы Жедел штаб тәулік бойы жұмыс атқаруда.

Өңірдің 6 ауданында (Қобда, Мұғалжар, Темір, Әйтеке би, Ойыл, Ырғыз) және Ақтөбе қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттық төтенше жағдай жарияланған. Тұтас аймақта 720 жеке құрам, 185 техника, 11 су қайығы және 8 су сорғыш жұмылдырылған.

«Облыстағы 27 елді мекенде 695 абонент тұрақты жарықсыз қалып отыр. Олардың 500-і ток беретін генератормен уақытша қамтылды. Жол учаскелерінің суға толып, шайылып кетуінен 11 елді мекенмен жол қатынасы уақытша үзілген. Қалпына келтіру жұмыстары 24/7 режимінде жүргізілуде. Бүгін «Алға-Қарабұлақ» бағытындағы айналма жолы ашылды. «Алға-Бесқопа» бағытындағы қатынас қалпына келтіріледі», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар