Ақтөбе облысында үйленбек болған қызын зорлап, өлтіріп кеткен ер адам 22 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.71
  • 529.97
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
10 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында үйленбек болған қызын зорлап, өлтіріп кеткен ер адам 22 жылға сотталды

Ақтөбе облысында үйленбек болған қызын зорлап, өлтіріп кеткен ер адам 22 жылға сотталды

Ақтөбе облысында үйленбек болған қызын зорлап, өлтіріп, қашып кеткен ер адам 22 жылға сотталды

  • 11 Қазан
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Қысқаша фабула

Сотта күдікті Е. есімді ер адам 2024 жылдың 22 сәуірінде Ақтөбе қаласында түнгі мезгілде үйге заңсыз кіріп, жәбірленуші Т-ны еркінен тыс зорлап, артынша қылмыс ізін жасыру мақсатында оны пышақтап, өлтіріп кеткені анықталды. Ол балкон арқылы шығып, қашып бара жатқанда алдынан полиция қызметкері шыққан. Күдікті ер адам полицейді де пышақпен жарақаттаған.

Сотталушының пікірі

Сотталушы Е. өзіне тағылған айып бойынша кінәсін ішінара мойындап, үйленгісі келіп жүрген қызының пәтеріне түнде балкон арқылы кіріп, ашу үстінде оны өлтіріп алғанын, қызды зорламағанын, ал артынан қуған адамның полиция қызметкері екенін білмегенін айтқан. 

Мемлекеттік айыптаушының пікірі

Прокурор тағылған айыпты толықтай қолдап, соттан Е-ге 24 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Тағайындалған жаза

Жаза тағайындау барысында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушы Е. бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылмағаны танылды. Сотталушы Е. қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот күдіктіні ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 10-тармағымен, 120-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен, 149-бабының 2-бөлігімен, 380-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған түпкілікті 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына моральдық зиян үшін өтемақы және мүліктік шығындары өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.