Ақтөбеде итті аяусыз пышақтаған бала бұған дейін де мектепішілік есепте тұрған - kaz.caravan.kz
  • $ 522.49
  • 547.88
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде итті аяусыз пышақтаған бала бұған дейін де мектепішілік есепте тұрған

Ақтөбеде итті аяусыз пышақтаған бала бұған дейін де мектепішілік есепте тұрған

Темір ауданы, Кеңқияқ ауданы оқушысының ісі комиссияда қаралады. Психологтар да баламен жұмыс істейді.

  • 3 Қараша
  • 33
видеодағы кадр

Итті пышақтап, аяусыз тепкен бала ісі қазір тергеуде. Ал облыстық білім басқармасы баланы тәрбиелеу үшін бірнеше амалын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы inform.kz-ке сілтеме жасап.

— Ол осыған дейін тәртібі, мінез-құлқына байланысты мектепішілік есепте тұрған бала. Тергеу амалдары аяқталған соң, Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысына шығарылады. Психологтар сауықтыру жұмысының жоспарын дайындап қойды. Жоспар аясында балаға психологиялық қолдау көрсету, агрессивті мінез-құлқын түзету және әлеуметтік бейімделуіне көмектесу шаралары қарастырылған. Сонымен қатар, ата-анасымен бірлескен кеңестер өткізіп, отбасы жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Мектеп әкімшілігі де оқушының білім алуына және тәртібін қадағалауға ерекше назар аударатын болады. Екінші бала да назарда болады. Немқұрайлы болмас үшін тәрбиелік, психологиялық жұмыстар жүргізіледі, — деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Еске салсақ, Темір ауданы Кеңқияқ ауылында оқушы итті жіппен байлап ұстап, оған пышақ сұқты. Видео әлеуметтік желі арқылы тарап кетті.