«Әл Баракат» құрылыс компаниясына қатысты іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Әл Баракат» құрылыс компаниясына қатысты іс қозғалды

«Әл Баракат» құрылыс компаниясына қатысты іс қозғалды

Астана әкімдігі «алаяқ» деп кінәлаған  «Әл Баракатқа» қатысты қылмыстық іс қозғалды.  Құрылыс компаниясы «үлескерлерден заңсыз ақша жинап, жұрттың қаржысын қымқырмақ болды» деп айыпталуда.

  • 5 Қыркүйек 2014
  • 284
Фото - Caravan.kz


Оның үстіне «Әл Баракаттың» құрылыс жүргізуге мүлдем рұқсаты болмаған. Сөйте тұра Астананың орталығынан бірнеше тұрғын үй салуды бастап кеткен. Пәтер бағасын нарықтағыдан екі есе төмен сатамыз деп жұрттың миллиондарын жинап алыпты. Арзан пәтерге қызыққандардың енді далада қалуы әбден мүмкін. Ал «Әл-Баракат» қала әкімдігі бізге қарадай күйе жақты деп, шенеуніктерді сотқа беретіндерін мәлімдеген еді. Алайда шапшаңдық танытқан шенеуніктер істі полицияға тапсырып үлгерді. Қозғалған қылмыстық іс бойынша, енді компания құрылтайшыларынан жаппай жауап алынбақ.