Алагөзовтен полиция жауап алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алагөзовтен полиция жауап алды

Алагөзовтен полиция жауап алды

Продюсер Баян Есентаеваның сүйіктісі, бизнесмен Тұрсынғали Алагөзовтен жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек редакцияның сауалхатына берген жауабында растады. 

  • 22 Қараша 2017
  • 256
Фото - Caravan.kz

"Бұл дерек Т.Т.Алагөзовке қатысты 19.10.2017 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 3-бөлігі ("Өзiнше билiк ету") бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Осы қылмыстық іс бойынша 17.09.1969 жылғы Алагөзов Тұрсынғали Тұрымұлынан қорғаушысы бар куәгер ретінде жауап алынды", — деп хабарлады Салтанат Әзірбек. 

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Түрксіб аудандық ІІБ ТБ қызметкерлерінің істің барлық мән-жайын әділ, толық әрі әржақты зерттелуін қамтамасыз етіп жатқаны айтылады. Ал одан кейін қорытынды процесстік шешім қабылданады.


 

Соңғы жаңалықтар