Алакөл жағалауынан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пансионат ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алакөл жағалауынан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пансионат ашылды

Алакөл жағалауынан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пансионат ашылды

Алматы облысында Алакөлдің жағалауынан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пансионат ашылды.

  • 8 Тамыз 2016
  • 462
Фото - Caravan.kz

Жобаны мүгедек азамат өз қаржысына салған. Ол қаражатты республикалық стартап жобалар байқауынан ұтып алған. Пансионаттың Алакөлдің жағасынан салынуы тегін емес. Бұл көлдің суының емдік қасиеті бар. Ол жүйке жүйесін қалыпқа келтіріп, тірек-қимыл аппараты ауруларын емдеуде пайдасы зор. Пансионатта демалушылар үшін барлық жағдай жасалған. Бір уақытта 30 адамға дейін ем қабылдай алады. Мұнда қайта жүруді ған емес, жүзуді де үйретеді. Жоба авторы Елдос Баялышбаевтың мүмкіндігі шектеулі. Осыдан 2 жыл бұрын ол Талдықорғаннан жарымжан жандарға арнап жаттығу залын ашқан еді. Жаңа пансионат құрылысы оның жоспарының екінші кезеңі болатын.

— Елдос пансионат салуға жұмсаған қаражатты өткен жылы республикалық «Болашақ» стартап-жобалар байқауынан жеңіп алған. Ол екінші орынды иемденіп, бизнес бастамасын дамыту үшін 8 миллион теңге алды. Аталған байқау биыл да ұйымдастырылмақ, дейді пансионат директоры Елдос Баялышбаев

— Байқаудың екінші кезеңі басталуға жақын. 2 айдың ішінде өтініштер қабылданады. Кез келген адам өзінің жобасын ұсына алады. Содан кейін байқау өтеді, деді «Даму» Қоры»АҚ филиалының директоры, Бақыт Мұсаев.


Талдықорғандағы Елдос негізін қалаған жаттығу залы жұмыс істегелі 220 мүмкіндігі шектеулі жан оңалту курстарынан өткен. Оның 35-і аяққа тұрып, өздігінен жүретін болған. Жеткіншек Алакөлдегі жаңа бастама арқылы ауруынан айығатындардың қатары артады деген сенімде.

Соңғы жаңалықтар