Алакөлде мұз астынан балық аулаудан жарыс өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алакөлде мұз астынан балық аулаудан жарыс өтті

Алакөлде мұз астынан балық аулаудан жарыс өтті

Алакөлде мұз астынан балық аулаудан жарыс өтті. 

  • 20 Ақпан
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы KAZINFORM.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Еліміздің әр өңірінен туристер Алакөлге жазда шомылуға келсе, қыста мұз үстінде отырып балық аулап, демалыстарын сәтті өткізеді. Осы орайда Алакөл ауданының әкімдігі және «Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылық бассейні» РМК ұйымдастыруымен тұрғындар арасында «Алакөл — 2024» мұзасты балық аулау турнирі өтті.

мұз астынан балық аулау

Фото: Алакөл ауданы әкімдігі

Турнирге Алматы, Абай облыстарынан және Жетісу өңірінен 50-ден астам балықшы қатысты.

балық аулау

Фото: Алакөл ауданы әкімдігі

Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Қалибек Ерсін иеленді. Ал 2 орынды Оксана Филоновна қанжығалады. Тиісінше 3-ші тұғырдан Ярослав Иванов көрінді. Сонымен қатар, «Ең бірінші балық ұстаған балықшы» номинациясын Жәнібек Смағұлов ұтып алды. 

балық аулау

Фото: Алакөл ауданы әкімдігі

Ауланған балықтардың ең ірісі 500 грамды құрады.

Жеңімпаздарға арнайы диплом мен тұрмыстық бағалы сыйлықтар табысталды.

Соңғы жаңалықтар