Жарияланды: 90

"Алаяқтар көп": Құбырдан алынған суды Меккенің Зәмзәм суы деп алдап сатқан топ ұсталды (ВИДЕО)

"Алаяқтар көп": Құбырдан алынған суды Меккенің Зәмзәм суы деп алдап сатқан топ ұсталды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде құбыр суын Меккенің Зәмзәм суы деп сатқан бір топ арабтар ұсталғаны жайлы видео қызу талқыға түсті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Видеода жергілікті араб полицейлері алаяқтардың қалай зәмзәм суды ыдыстарға қалай құйып тарататынын көрсеткен. 

Құбырдың суын бөтелкеге құйып, араб тілінде "Зәмзәм суы" деген жапсырмамен орайды. Дайын өнімде мөлдір целлофанның ішіне салып, арнайы қорапқа салады.

"Зәмзәм суы 90-шы жылдардың аяғында өз қасиетін жоғалтқан болатын.Санитария сақталмай бұзылған меккенің құбыр сулары талай қазақтарды улағаны ұмытылған жоқ", "Адасқан қазаққа бедуин суының қайдан құйылғаны емес, қай елден шыққаны қызық боп тұр ғой", "Зәм-зәм суы деп Меккеден алып келдік деген суға сенбестік танытып, қоқысқа лақтырып тастағаным өте дұрыс болған екен! Шынымен ішуге өте қорыққанмын. Арабтар бірдеңе қосып жіберуі мүмкін деп ойлап едім", "Бәсекелес пайда болды ,мемлекетке ақша туспей қалды", "Өте сорақылық екен. Адамдар не бір ойдың орамын санаға дос ететіні өкінішті" - деген оқырмандар түрлі пікір қалдырды. 

 

Меккеде құбыр суын құтыға құйып—зәм-зам деп сатқан бір қауым ұсталыпты. Зам-Зәм деген брендті пайдаланды демесе—құдық пен құбыр суы айырмашылығы аз-ғана. Судың кереметі қазақ жерінде-ғой, білген адамға. Қазақ даласында қанша тұма-бастаулар бар. Суы суық, салмақты, ішсең шөліңді қандыратын—дәмді. Адал тапқан ақшаңды ары апарып, бері бедуиндердің боқ-сідігін тасығанша, өз туған жеріңнің —77 ті кереметін дәріптесең болады-ғой, адасқан қазақ..

Posted by Тортуыл Шоқан on Tuesday, June 21, 2022

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін