Алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады

Алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады

Алдағы күндері республиканың батыс және солтүстік бөлігі циклон мен соған байланысты атмосфералық шептердің ықпалында болады.
 

  • 4 Желтоқсан 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

Олар ел аумағына қар мен жаңбыр алып келеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

— 6 желтоқсанда елдің солтүстігінде қалың қар жауып, көктайғақ, боран болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады. 7 желтоқсанда солтүстік-батыс салқын антициклоны кіріп келеді де, республиканың барлық бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендеп кетеді: елдің батысы, орталығы мен шығысында 10-18 С аязға дейін, солтүстік-батысы мен солтүстігінде 25-33 С аяз, оңтүстігінде 5-13 С аяз болуы ықтимал, — делінген мәлімдемеде.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.