Алдағы күндері +35°C дейін ыстық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы күндері +35°C дейін ыстық болады

Алдағы күндері +35°C дейін ыстық болады

Синоптиктер 17-19 қыркүйек күндеріне арналған ауа райына болжам жасады.

  • 16 Қыркүйек 2019
  • 15
Фото - Caravan.kz

Иран аймағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен республиканың оңтүстігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz

Күндіз термометрдің сынап бағанасы плюс 25…30°С дейін, кей жерлерде плюс 35°С дейін жоғарылайды. Оңтүстіктен келетін жылу солтүстік өңірлерге де жетеді. Кей жерлерде жаңбыр жаууына қарамастан, жылы болады, күндіз ауа температурасы плюс 20…28°С дейін жоғарылайды.

Тек батыс облыстарында Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронт ауа температурасының төмендеуіне ықпал етеді.