Алдағы күндері ауа райы қандай болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 12-14 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.

  • 11 Сәуiр 2018
  • 29
Фото - Caravan.kz

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері оңтүстікте күн жылынады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

"Қазақстан аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронттар кей жерлерде жауын-шашын, жаңбыр және ылғалды қар алып келеді. Республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы аздап төмендейді. Еліміздің оңтүстік және шығыс аудандарына фронттардың артынан Орта Азиядан жылы ауа келеді. 13 және 14 сәуірде күндіз оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 20-25 дейін, кей жерлерде 27-30 градусқа дейін, шығыста 13-18, кей жерлерде 21 градусқа дейін ауа жылынады", — деп хабарлады синоптиктер.

Сондай-ақ, синоптиктер Қызылорда және Қостанай облыстарында ескерту жарияланғанын айтты. "12 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман; күндіз шығыс, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі 12 сәуірде тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі", — деді "Қазгидромет" мамандары.

Оқи отырыңыз:

Өскемен – Алматы тасжолындағы ірі жол апатынан 5 адам қайтыс болды

ОҚО-да есірткіні көшеде сатқан күдікті ұсталды

Той жүргізіп, асаба болуымды өтінетіндер көп. 20 мың доллар сұраймын — Баян Алагөзова
Ерке Есмахан сұхбаттан бас тартатындай жағдайға жеткен

 

Соңғы жаңалықтар