Алдағы күндері ауа райы қандай болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болатынын айтты.

  • 20 Маусым 2018
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады. 

Синоптиктердің мәліметінше, атлантикалық циклондарға байланысты еліміздің солтүстігінде алдағы күндері жауын-шашын болады. Ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болмай, ыстық ауа райы сақталады.

"Алдағы үш тәулікте Қазақстанға Батыс Сібірден ылғалды және салқын ауа келеді. Сондықтан еліміздің солтүстігіндегі облыстарда ауа райы төмендеп, солтүстік-батыс желі соғып, жауын-шашын болады", — деді "Қазгидромет" өкілдері.

Сондай-ақ, оңтүстік облыстарда 23 маусымға қарай ыстықтың қайтатыны айтылады. Синоптиктердің айтуынша, онда ауа температурасы 33-38 градустан 28-35 градусқа төмендейді.


 

Соңғы жаңалықтар