Алдағы күндері ауа райы салқындайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы күндері ауа райы салқындайды

Алдағы күндері ауа райы салқындайды

Синоптиктер 2017 жылғы 17-19 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

  • 16 Тамыз 2017
  • 340
Фото - Caravan.kz

"Орталығы Мәскеуде орналасқан, антициклон, Қазақстанның көпшілік облыстарының ауа райына ықпалын тигізеді. Елдің батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс жартысында жақын күндері жауын-шашынсыз ашық ауа райы болады, сол уақытта солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс жартысында күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауып, бұршақтың түсуі және желдің дауылды күшеюі күтіледі", — делінген болжамда.

Сонымен қатар, республиканың бүкіл аумағы бойынша температураның қысқа мерзімді төмендеуі, солтүстік жартысында температура түнде 5-12 дейін жылы, күндіз 17-22 дейін жылы; оңтүстік жартысында түнде температура 10-17 жылыға дейін төмендеп, күндіз 25-35 дейін жылы күтілетіні айтылады.


 

Соңғы жаңалықтар